Жаңалықтар тізбегі
0

Неліктен үкімет баяндамасында бәрі керемет, ал шынайы көрініс басқаша

Неліктен үкімет баяндамасында бәрі керемет, ал шынайы көрініс басқаша, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 13:09 Сурет: Zakon.kz
18 қазанда мәжіліс отырысының кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан журналистер халықтың күнкөрісі мен шынайы өмірі туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер министрден "Үкімет үнемі экономиканың өсіп жатқанын хабарлайды. Бірақ мына жақта Қазақстан халқы тура бұрынғыдай күнін әрең көріп жүреді. Неге бұлай? Неге қағазда бәрі басқаша, ал қарапайым халықтың хәлі мүшкіл?" деп сұрады.

"Біз бұны білеміз. Өкінішке қарай, жоғары инфляция экономика үшін өте жақсы белгі емес. Бірақ екінші жағынан, кез келген өсіп келе жатқан экономикада инфляция бар. Бұл – қазір тек Қазақстаның ғана емес, жаһандық мәселе. Қабылданған шаралардың арқасында біз инфляцияны ұстап тұра алдық, егер шаралар қабылданбаса, ол әлдеқайда жоғары болар еді. Оларға үкіметтің импортты алмастыру, салықтық жеңілдіктер және тағы басқа кіреді. Кейбір тауарлар ішкі нарықта қалуы үшін экспортқа тыйым салынды. Ұлттық банктің ақша-несие саясатын қатайту жөніндегі іс-әрекеті былтыр да нәтижесін берді. Егер бұл болмаса, жағдай әлдеқайда нашар болар еді", - деп жауап берді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Министр жалпы экономикалық өсім бар екенін, оны жоққа шығаруға болмайтынын айтты. "Халықаралық рейтинг агенттіктері біздің рейтингтерімізді растайды және біз жалпы жағдай жақсарады деп күтеміз. Біз бұған жұмыс істеп жатырмыз" деп қосты ол.

Оның сөзінше, ковидтен кейінгі жағдай, былтыр біздің континентте басталған соғыс және қазір бұл геосаяси қақтығыстар жалғасып жатыр. Олар экономиканың, оның ішінде Қазақстан экономикасының өсуіне кері әсер етеді. Соның ішінде Қазақстанның географиялық жағынан теңізге шыға алмайтын ел болуына байланысты.

"Осындай катаклизмдер болып тұрғанда бізге сауда жасау қиын. Сондықтан Қазақстан экспорт бағыттарын әртараптандырудың жолын іздестіріп жатыр. Бұл ретте біз реформалармен, әрине, саяси және экономикалық, оның ішінде жаңа салық кодексімен айналысып жатырмыз. Меніңше, бұл тұста тек жағымсыз жағын ғана емес, жағымды жаңалықтарды да көрсетіп, айту керек. Өйткені іс жүзінде көп жұмыс істеліп жатыр. Бәлкім бәрі қажетінше көрсетілмеген шығар. Бірақ мен сіздерді көп жұмыс істелгеніне, соның ішінде көпшілікке көрсетуге болмайтын нәрселер бар екеніне сендіремін", - деді Әлібек Қуантыров.

Сонымен қатар журналистер министрден "Азаматтардың сенім рейтингі бар ма? Халықтың пікірге не жазатынын білесіз бе?" деп сұрады.

"Біз жағдайды бақылап отырмыз. Әрине, білеміз. Нақты көріністі көруіміз керек. Оның үстіне, өзім облыстарды аралап, негізінен ауыл халқымен кездесіп тұрамын. Әрине, біз шынайы көріністі көріп, көмектесуге тырысамыз. ШОБ-ты қолдауға қандай қаражат бөлінеді? Биыл 266 млрд бөлінді, ол жарты жылда игерілді. Бұл пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға сұраныстың жоғары екенін көрсетеді", - деп қосты министр.

Қуантыровқа "Демек Қазақстан халқы үкіметтің есебіне сенуіне болады және сіз халықты алдамайтыныңызға кепілдік бересіз бе?" деген сұрақ қосымша қойылды.

"Мен сұрақты бұлай қоймас едім. Бірақ, әрине, билікке белгілі бір дәрежеде сенім болуы керек. Билік халықтың қолдауын сезінгенде принципті түрде жұмыс істейтін шығар. Біздің басты міндетіміз – халықтың деңгейін, өмір сапасы мен экономика жағынан өсуін қолдау", - деді министр.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: