Жаңалықтар тізбегі
0

2 мыңнан астам кәсіпкерге 2,4 млрд теңге қайтарылады

2 мыңнан астам кәсіпкерге 2,4 млрд теңге қайтарылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 09:47 Сурет: Zakon.kz
Құқық қорғау қызметі аясында Бас көлік прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқығына нұқсан келтіретін фактілерді анықтады.

Бас көлік прокуратурасының дерегінше, 2022 жылдан бастап қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлеу бойынша міндеттемелер өзгертіліп, кәсіпкерлердің жекелеген санаттары экологиялық төлемдерден босатылған. Осыған қарамастан, бұл мән-жайларды білмей, кәсіпкерлер тиісті төлемдерді жүргізуді жалғастырған. Ал салық органдары олардың негізсіз шығынын болдырмау мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген.

Мысалы, осындай төлемдерді төлеушілер санатына кірмейтін "№3 Sk автовокзал паркі" ЖШС мемлекеттік бюджетке 15 млн астам теңге төлеген. Сол сияқты басқа 2 203 кәсіпкер де бюджетке негізсіз 2,4 млрд теңгеден жоғары қаражатты аударған.

"Көлік прокуратурасы органдарының араласуынан кейін ғана, кәсіпкерлерге оларды осындай алымдарды төлеушілер тізімінен алып тастағандығы туралы жеткізілді. Сонымен қатар көлік прокуратурасының актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмыс басталған, 500 артық кәсіпкерге шамамен 30 млн теңге қайтарылды". Бас көлік прокуратурасы

Мемлекеттік кірістер комитетіне салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпаратты бизнес қауымдастыққа тиімді жеткізу жөніндегі шараларды әзірлей отырып, осындай жағдайдың туындау себептерін талдау тапсырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: