Алматы метросында жалға алушылар миллиондаған теңгені артық төлеген
Фото: Zakon.kz
Көлік прокуратурасы Алматы қаласының "Метрополитен" ШЖҚ КМК қызметін талдау барысында кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіретін бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомстваның мәліметінше, метрополитен басшылығы салық шығындарын сауда алаңдарын жалға алушылар есебінен өтеуге шешім қабылдап, ол үшін оларды қосымша келісімдер жасауға мәжбүр еткен.
"Прокуратураның қадағалау актісі бойынша салық төлемдерін жабу бөлігіндегі заңсыз талаптар келісімдерден алынып тасталды, ал кәсіпкерлерге 12,5 млн теңге қайтарылды. Бұл әрекеттерден барлығы 11 кәсіпкер зардап шеккен болатын." Бас көлік прокуратурасы
Көлік прокуратурасы байланыстары БКП-ның ресми сайтында орналастырылған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтарға жүгіну мүмкіндігіне назар аударады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript