Қазақстанда бюджетті жоспарлау кезінде ірі бұзушылықтар анықталды
Фото: Zakon.kz
БҚО Қазталов ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасын талдау барысында 300 млн теңгеден астам сомаға бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың айтуынша, үш жылдық бюджеттің жоспарына құжаттармен расталмаған және есептелмеген шығыстар енгізілген
"Бұл әрекет бюджет шығыстарын жасанды түрде ұлғайту мен мемлекет қаражатын тиімсіз пайдаланылу тәуекелдерін туындатқан",- делінген ақпаратта.
Прокуратураның араласуы нәтижесінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Бұған дейін полиция Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында апатты жағдай туындатқан бір топ жүргізушіні ұстағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript