Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысының прокуратурасы 700 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуын алдын алды

Жамбыл облысының прокуратурасы 700 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуын алдын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 09:44 Сурет: gov.kz
Қордай ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасы саласында жүргізген талдау нәтижесі бойынша аудан әкімдігі қызметінде бұзушылықтарды анықтады.

Жергілікті атқарушы орган растайтын қажетті құжаттарсыз және негіздемесіз бюджеттің шығыс бөлігіне 700 млн теңгеден астам қаражатты енгізген.

Мысалы, әкімдік шығыс бағанасына су құбыры люктерін орнатуға 67 млн теңге қаражат қарастырған.

Алайда шығыстың осы бағытының экономикалық негіздемесі айқындалмаған.

"Нәтижесінде прокурорлық қадағалау актісімен 700 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуы алдын алынды." Жамбыл облысының прокуратурасы

Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: