СҚО-да кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған

Аудит, расчет, калькулятор, аудитор, юридическая проверка, графики, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, договоры, инвестиции, инвестирование, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 11:57 Фото: freepik
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік кірістер органдарының қызметін талдау барысында кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, Петропавл қаласы мен Есіл, М. Жұмабаев, Шал ақын, Қызылжар аудандарының мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғалары Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына қарамастан бизнес субъектілеріне салықтық тексерулер жүргізді.

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған салық органдарының басшылары тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.Қазіргі уақытта айыппұлдар толық төленді, салықтық тексерулер заңсыз деп танылды және жойылды." Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы прокуратура органдарының қадағалау шараларымен барлығы 270 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Бизнес субъектілеріне құқықтар мен мүдделер бұзылған жағдайда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ (байланыс телефоны +7-771-362-08-99) арқылы облыс прокуратурасының қызметкерімен тікелей байланысуға болатындығын еске саламыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: