Қазақстанға жеңілдікпен қанша электромобиль әкелінді
Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың соңына дейін квота бойынша кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, тағы 8 477 электромобиль әкелу мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
"Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған электромобиль импорты кезінде жылына бір рет жолаушылар кедендік декларациясын беру арқылы кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, 1 электромобиль әкеле алады, тиісінше қандай да бір төлемдерді төлеудің қажеті жоқ".ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев
Ол үшін Қазақстан Республикасының азаматы болу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру қажет.
Сонымен қатар азаматқа осы электромобильді иелену, пайдалану, билік ету құқығын Ресей Федерациясының азаматтығы бар және Ресей Федерациясында тұрақты тұратын адамдарға кедендік тазарту сәтінен бастап 3 (үш) жыл ішінде беруге тыйым салу түрінде шектеулер қойылады.
Жолаушылар кедендік декларациясын беру үшін азамат өз бетінше (кеден өкілдерінің қызметтеріне жүгіну мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды ұсына отырып, кеден бекетіне инспекторға жүгіне алады.
Комитет ЕЭК Кеңесінің шешімімен 2022 және 2023 жылдары электромобильдерге бажсыз әкелу мүмкіндігі берілгенін атап өтті.
Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында бажсыз әкелу мүмкіндігін 2025 жылға дейін ұзарту жөніндегі мәселе қаралып жатыр.
"Жоғарыда аталған квота шеңберінде кедендік баждарды төлеуден босатыла отырып, бірақ тауар құнының 12% мөлшерінде ҚҚС төлей отырып және 20 000 теңге мөлшерінде кедендік алым төлей отырып, электромобильді әкелудің басқа мүмкіндігі бар".ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Бұл жағдайда Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ставкалары бойынша тауарларға декларация тапсыру қажет. Тауарларға декларацияны бірыңғай кедендік тарифтің (ҰБТ) ставкалары бойынша берген жағдайда құнының 15% мөлшерінде кедендік баж, ҚҚС 12% және кедендік алым 20 000 теңге төлеу қажет.