Жаңалықтар тізбегі
0

АМТ шоттары бұғатталды. Қарағандылық кеншілер ақшасыз қаламыз ба деп қауіптенеді – БАҚ

Кенші, шахтер, зейнетақы төлемдері, медициналық жарналар, Қарағанды облысы, АМТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 18:12 Сурет: freepik
Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорындарында жұмыс істейтін кеншілер компания шоттарының бұғатталуына байланысты "зейнетақы аударымдарынсыз, сондай-ақ медициналық көмек салымынсыз қаламыз ба" деп қауіптенеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі Ekaraganda.kz басылымы 4 желтоқсанда "Костенко шахтасында болған трагедиядан аман қалған кеншілер медициналық көмек пен төлемдерсіз қаламыз ба" деп қауіптенетінін жазды. Жақында ауруханадан емделіп шыққан 28 кенші қазан айы үшін өздерінің атына міндетті медициналық сақтандыру қорына жарна аударылмағанын білген. 

"Сөйтсе бұл мәселе Костенко атындағы шахтада апаттан кейін тірі қалған кеншілерге ғана қатысты болмай шықты. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының барлық қызметкеріне қазан айына әлеуметтік төлемдер аударылмапты. Бүгін компания шоттарының бұғатталғаны белгілі болды", - деп жазады Ekaraganda.kz.

Жұмыс беруші МӘМСҚ -ға ақша аударуды тоқтатқандықтан, алған жарақаттарынан айыққан кеншілер тегін медициналық көмексіз қалуы мүмкін. Емханалар жарна төлемегендіктен оларды емдеуден бас тартуы мүмкін. Сондай-ақ, Қарағанды облысының кеншілері БЖЗҚ-ға жарна аударылмағандығына шағымдануда. Төлемдер қараша айының соңында түсуі керек болатын, бірақ желтоқсанның басы болса да жұмыс беруші ешқандай әлеуметтік аударымдар жасамағаны белгілі болды.

Міндетті медициналық сақтандыру қорының Қарағандыдағы филиалы мекеме өкілдері облыс орталығында көмір департаментімен, кәсіподақпен, заңгерлермен және  АМТ есепшілерімен кездесу өткізгегенін хабарлады. Қордың мәліметінше, бір айға төлем жасалмаған. 

"АрселорМиттал Теміртау" әлеуметтік төлемдердің дер уақытында аударылмауына компанияның барлық шоттарының бұғатталуы себеп екенін айтты.

"BSR-мен арадағы заңды дауға байланысты банктік шоттардың бұғатталғанын хабарлаймыз. Біздің заң және қаржы қызметтері жағдайды мүмкіндігінше тезірек шешу және шоттарды бұғаттан босату үшін құзыретті органдармен жұмыс істеп жатыр. Шотты бұғаттан босатуда МӘСМҚ және зейнетақы жарналарын төлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады. Қазіргі қалыптасқан жағдай үшін кешірім сұраймыз", делінген "АрселорМиттал Теміртау" мәлімдемесінде.

Көмір өндірушілер кәсіподағы шахта қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Компания шоттарының бұғаттан босату және қажетті төлемдерді жүзеге асыру бойынша тиісті келіссөздер жүргізілуде.

Айта кетсек, бұған дейін Индустрия және сауда министрлігі ҚР Үкіметі мен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ арасындағы мәміле соңғы сатыға жақындап келе жатқанын айтқан болатын. Компанияның активтері Костенко атындағы шахтадағы қазан айында болған қайғылы оқиғадан кейін басқа инвесторға беріледі.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: