Қазақстанда жаңа әуе компаниясы пайда болуы мүмкін
Сурет: pixabay
Желтоқсанның 6-сы күні ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қазақстан нарығында жақын арада қандай жаңа әуе компаниясы пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Талғат Ластаевтың айтуынша, бұл мәселе қазір шетелдік әуе компанияларының өкілдерімен талқыланып жатыр.
"Келіссөз деген болжау қиын процесс екенін білесіздер, бірақ қазір біздің әуе тасымалы нарығына халықаралық ойыншылар тарапынан қызығушылық бар екенін нақты айта аламын", – деді Көлік вице-министрі.
Әуе тасымалдаушысы қай елден ұшатыны жөніндегі сұраққа ол: "Оңтүстік-Шығыс Азиядан" деп жауап берді.
"Бұл мүмкіндігінше тезарада болады деп үміттенеміз, өйткені бұған көптеген факторлар әсер етеді", – деді Талғат Ластаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript