2023 жылы қараша айында елімізде пәтерлер құны қымбаттады ма, әлде арзандады ма?

Пәтер, бағасы, құн, Қазақстан, қараша айы, статистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 19:07 Сурет: primeminister.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бір жыл ішінде (2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қарашаға дейін) бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар 3,2%-ға, ал екінші деңгейдегі нарықта бағалар 5,4%-ға төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір айдың ішінде (2023 жылғы қарашада қазанға қарағанда) пәтерлерді қайта сату 0,9%, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,2%-ға өсті. Жаңа тұрғын үйді сату бағалары алдыңғы аймен салыстырғанда қарашада 0,7%-ға төмендеді.

Бір жылда (2023 жылғы қараша 2022 жылғы қарашаға) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 3,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы керісінше 5,4% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қарашада 0,9% төмендеді.

Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын-үй нарығында баға жылдық мәнде Павлодар – 14,8%, Петропавл 10,6% қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығындағы баға өсімінің лидері – Атырау (11,8%) мен Семей қалалары (8,3%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Жезқазған қаласы (30%), Қарағанды қаласы (23%),Көкшетау қаласы (22,3%).

2023 жылы қараша айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 727 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 579 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 24 148 мәміле жасалды.

"2023 жылдың қазанымен салыстырғанда (32 975) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,8%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 261 – 19,7%) және Астана (4 828 – 15,2%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 728 – 8,6%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 417 бірлік (1,3%)", делінген хабарламада.

2023 жылдың қазан айымен салыстырғанда қарашада ең көп өсім Ұлытау (+39,9%), Қызылорда (+27,1%) облыстарында және Алматы (+7%) қаласында тіркелді.

Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Атырау облысында (18,1%), Шымкент қаласында (15,9%), сонымен қатар Түркістан облысында (14,6%) орын алды.

2023 жылдың қазанымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 3,2%-ға (804 мәмілеге) кеміді.

Қараша айында пәтерлер бойынша барлығы 24 148 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 76,1%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (24%), Астана (19,5%) қалаларына және Қарағанды облысына (9,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы қайта көбейді, қараша айында 9 316 мәміле ресімделген.

2023 жылдың қазан айымен салыстырғанда, қарашада жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 5,5%-ға азайып (444 мәмілеге), 7 579-ды құрады. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Ұлытау (20%), Қызылорда (13,8%) және Алматы (5,8%) облыстарында байқалды.

Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Абай облысында (32%), Астана (23,8%) және Алматы (16,9%) қалаларында орын алды.

2023 жылдың қарашасында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 6,1%-ға азайған, ол кезде 33 797 мәміле ресімделген болатын.

Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында (18%-ға) тіркелді, ал Қызылорда облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (31,5%-ға) байқалды. Динамиканың теріс мәні 2023 жылдың қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санының 2022 жылғы қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда орын алды және -23%-ды құрады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: