Қазақстанда қайталама нарықтағы тұрғын үй 26% қымбаттады

үй, пәтер, баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 17:11 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда (2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қыркүйегіне дейін) тұрғын үй бағасы қайталама нарықта 25,9%, бастапқы нарықта 17,7% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл қыркүйекте тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа бағасы мынадай болды:

  • бастапқы тұрғын үй – 426 813 теңге;

  • қайталама тұрғын үй – 474 877 теңге.

Бұл ретте бастапқы нарықтағы жылжымайтын мүлік бағасы ең көп қалаларда, Ақтөбеде - 32,5%, Қостанайда - 27%, Астанада - 26,6%, Өскеменде - 25,3%, Көкшетауда - 20,3%, Ақтауда – 19,3% өскен.

Жаңа тұрғын үй бағасының шамалы өсуі Павлодарда – 0,9% және Талдықорғанда – 1,8% байқалды.

Қайталама тұрғын үй нарығындағы баға көшбасшылары:

Қызылорда (45%),

Ақтөбе (44,3%),

Өскемен (40,4%),

Талдықорған (38,8%),

Ақтау және Астана (әрқайсысы 38,4%).

Қайталама нарықтағы үйлер ең аз Түркістанда – 12,2% және Атырауда – 13,3% қымбаттады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: