Қазақстанда қайталама нарықтағы баспана 28%-ға қымбаттады

көктем, жаз, Нұр-Cұлтан, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2022 18:35 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың мамырына дейін қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 27,9%-ға, жаңа тұрғын үйді сату 19,3%-ға өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың мамыр айында жайлы тұрғын үйді жалға алу да былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 22,8%-ға өсті.

Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, өңірлік есеппен алғанда, Нұр-Сұлтанда бастапқы тұрғын үй нарығындағы баға жыл сайынғы көрсеткіште айтарлықтай өсті.

Қайталама тұрғын үй нарығында баға өсімінің көшбасшысы – Талдықорған (48,6%), ал тұрғын үйді жалға беру нарығында алдағы орында – Алматы (49,9%), – деді Қуанышбек Жақыпбекұлы.
Бір айда (2022 жылғы сәуірден мамырға дейін) жаңа тұрғын үйді сату бағасы 1,7%-ға, пәтерлерді қайта сату 1%-ға өсті.

Ыңғайлы тұрғын үйді жалға алу мамыр айында өткен аймен салыстырғанда 1,3%-ға өсті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: