Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Қазақстан жаһандық цифрлық технология орталығы болуы керек

Тоқаев, Қазақстан жаһандық цифрлық технология орталығы болуы керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 11:56 Сурет: freepik
12 желтоқсанда "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы цифрлық технологиялардың даму барысы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы елімізде IT саласын дамыту қажеттігіне ерекше назар аударды.

"Еліміз жаһандық цифрлық технология орталығы ретіндегі орнын нығайтуы керек. Қазақстан ірі халықаралық IT компаниялардың кеңселері орналасатын аумақ бола алады және болуға тиіс. Мұның бәрі – біздің жұмысымыздың міндеттері мен нақты нәтижелерінің аз ғана бөлігі. Барлық саладағы өзгерістердің қарқынын арттырып, одан әрі дамыта беруге міндеттіміз".Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент түрлі салада қордаланған проблемалар аз емес екенін атап өтті.  Алайда үкіметтің күн сайынғы және жүйелі жұмыстарының нәтижесінде барлық өзекті мәселе біртіндеп шешіліп келеді.

"Дегенмен еліміздің даму жолында қуатты серпіліс жасау үшін күнделікті мәселелерді шешіп қана қоймай, мемлекетіміздің болашағына қатысты өзіндік ұстанымымызды анықтау, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, жекелеген және ұжымдық құндылықтар жүйесін жетілдіру маңызды".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған қоса президент сапалы жол дегеніміз – ел экономикасының күретамыры екенін айтып, осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: