Президент ел экономикасының күретамыры не екенін айтты

Тас жол, экономика, президент, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 11:39 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 12 желтоқсанда "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде ел экономикасының күретамыры не екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқанын" атап өтті.

"Батыстан Шығысқа баратын негізгі жолдар біздің еліміз арқылы өтеді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану керек. Сапалы жол дегеніміз – ел экономикасының күретамыры. Біз авто және темір жол желілерін тұрақты дамытып келеміз. Биыл 850 шақырымнан астам жол салдық", – деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, алдағы үш жылда 1300 шақырым темір жол іске қосылады.

Бұған қоса Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті қолдауға қатысты маңызды мәлімдеме жасады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: