Жаңалықтар тізбегі
0

Бюрократияға мүлде жол жоқ: Тоқаев нақты әрекеттерге көшуге үндеді

Инвестиция, экономика, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 11:24 Сурет: akorda.kz
"Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті қолдауға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 желтоқсан күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, марапаттау рәсімінде мемлекет басшысы бизнесті қолдау және Қазақстанға инвестиция тарту жөнінде маңызды мәлімдеме жасады.

"Жалпы, инвестиция тарту ісінде "бюрократияға мүлде жол жоқ – барынша нақты іс-әрекет" қағидаты басшылыққа алынуы қажет. Қолға алынған істің нәтижесі мемлекеттік аппараттың жіті назарында болуға тиіс", – деді президент.

Президент өзінің тапсырмасына сәйкес, өңдеу секторына қаржы салатын инвесторлар 2024 жылдан бастап үш жылға салықтан босатылатынын еске салды.

"Бұрын-соңды мұндай жүйелі шаралар болмаған әрі оның шешуші сипаты бар. Әйтпесе, инвестиция үшін өте жоғары халықаралық бәсекелестік қалыптасып тұрған жағдайда көздеген мақсатқа қол жеткізу қиынға соғады".Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: