Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Цифрлық платформаны созбалаңға сала бермей, тез арада құру аса маңызды

Тоқаев, цифрлық платформаны созбалаңға сала бермей, тез арада құру аса маңызды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 11:17 Сурет: freepik
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын Сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде отандық бизнесті негізсіз тексерулер мәселесіне тоқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өздеріңізге белгілі, бұған дейін отандық бизнесті негізсіз тексерулер мен заңсыз қылмыстық қудалаудан қорғау жөнінде тапсырма берген болатынмын. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпкерлік саласындағы тіркелген қылмыстар саны екі есе азайды (837-ден 402-ге дейін). Ақтау негізі бойынша тоқтатылған қылмыстық істер саны шамамен бес есе қысқарды (416-дан 92-ге дейін)." Қасым-Жомарт Тоқаев

Инвестициялық жобаларды прокуратура органдарының сервистік қадағалауына баса мән беріледі. Инвестициялық жобаларды "жасыл дәліз" қағидаты бойынша қолдау жүйесі енгізіледі. Бұл инвесторларға рұқсат беретін құжатты алу ісін оңайлатады және жеделдетеді. Сондай-ақ оларға жер учаскелерін беру және коммуникация жүргізу жұмыстарын жеңілдетеді, деді президент.

"Цифрлық платформаны созбалаңға сала бермей, тез арада құру аса маңызды. Сол арқылы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу процесін нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты барлық шешімі мен шектеу шаралары бойынша "прокурорлық сүзгі" жұмыс істей бастайды. Осылайша, біз инвесторларды негізсіз айыппұлдар мен салықтардан, әділетсіз және ұзаққа созылған сот дауларынан қорғаймыз. Жалпы, бизнес үшін әділ әрі ашық ойын ережесін қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Мемлекет басшысы

Елімізде жасанды интеллект жүйесін құру – өз алдына бөлек әрі өте маңызды мәселе. Қазақстанның болашағы және оның халықаралық қоғамдастықтағы орны осы жұмыстың сәтті іске асуына байланысты. Сондықтан бұл бағытқа өзім жетекшілік етемін және шетелдік, отандық мамандармен кездесемін, сондай-ақ жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауда ұстаймын, -деді мемлекет басшысы. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: