Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттайды ма – министр жауабы
Сурет: pixabay
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 20 желтоқсанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Жаңа жыл қарсаңында бағаның өсу ықтималдылығын жоққа шығармады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлібек Қуантыров Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасының өсу ықтималдылығын жоққа шығармады.
"Тұтыну бағаларының индексінде 550 базалық тауар қарастырылады, мандарин сынды жемістер, әрине, оған кірмейді. Жұмыртқа - белсенді тұтыныстағы тағам. Маусымдық баға өсімі бәрібір орын алады, әсіресе Жаңа жылға дейін. Бірақ экономикамыз осындай сипатта жұмыс істейді. Одан кейін бағалар тұрақтанады деп үміттенеміз", – деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.
15 желтоқсанда Сауда министрі Арман Шакқалиев Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша баға индексінде өзгерістер жоқ екенін мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript