Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік сатып алуларда шетелдік тауарларды екі жыл бойына шектеу жоспарланып отыр

Мемлекеттік сатып алулар, шетелдік тауарлар, шектеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2024 09:35 Сурет: freepik
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Үкіметтің "Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық режимнен алу - бұл шетелдік әлеуетті өнім берушілердің белгілі бір тауарларын (атқарылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) мемлекеттік сатып алуға қатысуларына қол жетімділігін шектеу. Ол ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында белгіленеді.

Басқаша айтқанда, жоба тек отандық тауар өндірушілерден сатып алуға болатын тауарлардың тізімін анықтайды.

Мәтінде былай делінген:

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын машина жасау тауарларын;

2) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды, сондай-ақ тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын химия өнеркәсібі тауарларын;

3) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды, сондай-ақ тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын металлургия өнеркәсібі тауарларын;

4) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды, сондай-ақ тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын құрылыс өнеркәсібі тауарларын;

5) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын тамақ өнеркәсібі тауарларын ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.

Осы қаулының 1-тармағында көзделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тиісінше шығарған, орындайтын, көрсететін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.


ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып, құжатта көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітсін және осы тізбенің мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз ететін болады.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып, құжатта көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді. Әсіресе, тамақ өнеркәсібіне қатыстысынү

Аталған қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданыста болады.

Жоба 2024 жылдың 20 наурызына дейін қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" порталына орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: