ОПЕК+ келісімі: Қазақстан мұнай өндірісі бойынша өтемақының жоспарын әзірледі

Мұнай өндірісі, ОПЕК+ келісімі, Қазақстан, өтемақы жоспары , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2024 13:13 Сурет: pxhere
2024 жылы 8 шілдеде ҚР Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімі бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан ОПЕК+ келісіміне бейілділігін растайды және ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп қабылданатын шешімдерді қолдайды. ОПЕК+ министрлік 37-ші кездесуі шешімінің қорытындысы бойынша  Қазақстан өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын дайындады, оған сәйкес 2025 жылғы қыркүйекке дейін 1-ші жартыжылдықта асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді. Қазақстан өз міндеттемелерін сақтау және белгіленген өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеу үшін бар күшін салады", делінген Энергетика министрлігі мәлімдемесінде.

Сондай-ақ ведомство бұған дейін Қазақстан бұрын қабылданған ерікті міндеттемелерін 2025 жылдың соңына дейін ұзартқанын еске салады

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: