Жолаушылардың құқығын бұзған отандық әуе компаниялар айыппұл арқалады
Сурет: pixabay
Жазғы кезеңде рейстер санының ұлғаюына байланысты ҚР заңнамасында көзделген қызметтердің немесе рейсті кешіктіру кезіндегі қызметтердің дұрыс көрсетілмеуіне қатысты әуекомпаниялар үстінен жолаушылар жиі шағымдана бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты, ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік әуекомпанияларды жауапкершілікке тарта бастады.
"Мәселен, Алматы – Қарағанды бағыты бойынша рейс кідіртілген кезде Қызметтерді ұсынбауға байланысты (жолаушылар қонақ үйге орналастырылмады, сонымен қатар жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге және кері тасымалдау ұйымдастырылмады) ағымдағы жылдың 11 шілдесінде «FlyArystan» әуе компаниясына қатысты ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оған сәйкес әуе компанияға 1000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды". Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
Бұған дейін, Атырау-Алматы бағыты бойынша рейсті кешіктірген кезде тиісті қызмет көрсетпегені үшін ағымдағы жылдың 24 маусымында "SCAT" әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) құрады.
Жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты заңнаманы мүлтіксіз сақтау Азаматтық авиация комитеті жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып табылады және әуе компаниялар тарапынан бұзушылық фактілері анықталса, белгіленген шаралар қолданылатындығын атап өткен жөн.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript