Тамыз айында Астанадан Семей, Ақтөбе және Жезқазғанға жаңа әуе рейстері ашылады

Аэропорт в Астане, аэропорт Астаны, международный аэропорт Нурсултан Назарбаев, международный аэропорт в Астане, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 12:55 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Маусымдық сұраныстың артуына байланысты VietJet Qazaqstan әуекомпаниясы жазғы кезеңде ішкі бағыттар желісін кеңейтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуекомпания баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыздан бастап Астана – Семей бағыты бойынша жаңа тұрақты рейс іске қосылады.

Сонымен қатар қосымша рейстер де енгізіледі:

  • 3–8 тамыз аралығында – Астана – Ақтөбе бағыты;
  • 1–31 тамыз аралығында – Астана – Жезқазған бағыты.
"Маршруттар желісінің кеңеюі жаз мезгіліндегі жолаушылар сұранысын тиімді қамтамасыз етіп, өңірлердің көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жолаушыларға Қазақстан ішінде саяхаттаудың қосымша әрі қолайлы нұсқалары ұсынылады",- делінген компания мәліметінде.

Бұған дейін қазақстандық әуекомпания Астанадан ұшатын жолаушыларға маңызды үндеу жасағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: