Қазақстандық әуекомпания Астанадан ұшатын жолаушыларға маңызды үндеу жасады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстандық FlyArystan әуекомпаниясы бүгін, 2026 жылғы 29 шілдеде Астанадан ұшатын жолаушыларға маңызды үндеу жасады. Оған себеп - елордада өтетін халықаралық шараға байланысты көлік қозғалысына енгізілетін шектеулер мен кейбір жол учаскелерінің жабылуы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, Астана қаласында 2026 жылғы 29 шілдеден бастап Халықаралық "Болашақ ойындары – 2026" іс-шарасының өтуіне байланысты қалада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп, жолдардың жекелеген учаскелері, соның ішінде әуежайға баратын жолдар уақытша жабылуы мүмкін.
"Осыған байланысты жолдағы жағдайды алдын ала тексеріп, ықтимал кептелістерді ескеріп, әуежайға жету уақытын жоспарлауды сұраймыз". FlyArystan әуекомпаниясы
Астана әуежайынан ұшатын жолаушыларға лоукостер ұшуға дейінгі барлық рәсімдерден асықпай өту үшін ертерек келуді ұсынды:
- ішкі рейстерге – ұшуға дейін кемінде 2 сағат бұрын;
- халықаралық рейстерге – ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын.
Сондай-ақ, ведомство әуежайға уақытылы келу жолаушының жеке жауапкершілігі екенін еске салды.
Бұған дейін Астана мен Шанхай арасындағы тікелей әуе рейстері қашан іске қосылатындығы белгілі болғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript