Алматы әуежайы жолаушыларға маңызды ескерту жасады

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, алматинский аэропорт, международный аэропорт Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2026 15:03 Фото: akorda.kz
2026 жылғы 9 сәуірде Алматы әуежайы ұшатын жолаушыларға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламаға сәйкес, бүгіннен бастап 10 күн бойы Т2 терминалының ұшу аймағында, паспорттық бақылау маңында төбе жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жұмыстар күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін өтеді. Әуежай өкілдері жолаушылардың өтуіне кедергі болмайтынын айтып, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Осыған байланысты жолаушыларға қарбалас уақыттағы кезектерді болдырмау үшін әуежайға алдын ала келу ұсынылады.

Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға бейтаныс адамдардың сәлемдеме, пакет немесе конвертті жеткізіп беру туралы өтініштерін қабылдамау керектігін ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: