9 сәуірдегі саудада доллар бағамы тағы өсті

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2026 15:48 Фото: freepik
2026 жылғы 9 сәуірде сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 479,82 теңгені құрап, 4,19 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 6,14 теңгеге (+0,08) дейін көтерілді.

Қытай юанінің бағамы 70,31 теңгені (+0,82) құрады.

Айырбастау пункттерінде доллар 477–479,8 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда, еуро – 556,9–562,8 теңге, рубль – 6,05–6,19 теңге аралығында.

Сондай-ақ, 9 сәуірде әлемдік мұнай бағасы өсті.

Мәселен, маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы шамамен 4%-ға өсіп, бір баррель үшін 98,53 долларға жетті.

Ал мамыр айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстері 3,62%-ға қымбаттап, 97,83 долларды құрады.

Айта кетейік, осы күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 475,31 теңге, еуро – 555,54 теңге, рубль – 6,05 теңге деңгейінде белгіледі.

9 сәуірдің бірінші жартысында айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдарын осы сілтеме арқылы білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: