13 сәуірдегі саудада доллар бағамы өсті

Рубль, рубли, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс рубля, курс рубля к тенге, рубль к тенге, доллар и рубль, доллары и рубли, рубль и тенге, рубли и тенге, евро и рубль, евро и рубли, разная валюта, разные валюты , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2026 15:43 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 13 сәуірде сағат 15:30-да KASE алаңында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 474,90 теңгені құрап, 1,71 теңгеге өсті.

Еуро бағамы 553 теңгеге дейін төмендеді (-4,9).

Ресей рублінің бағамы 6,21 теңгеге дейін өсіп (+0,06), ал қытай юані күндізгі саудада 69,40 теңге деңгейінде қалды.

Айырбастау пункттерінде:

  • доллар 473,2–475,5 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда;
  • еуро 552,8–559 теңге аралығында;
  • рубль 6,12–6,25 теңге аралығында.

Сондай-ақ 13 сәуірде әлемдік мұнай бағасы өсті.

Brent маркалы мұнайдың баррелі InterContinental Exchange биржасында 6,54 долларға қымбаттап, 101,74 долларды құрады.

Ал Light маркалы мұнай New York Mercantile Exchange алаңында 7,44 долларға өсіп, бір баррель үшін 104,01 долларға жетті.

Таңертең Қазақстан Ұлттық Банкі доллар бағамын 473,13 теңге, еуроны – 554,08 теңге, рубльді – 6,13 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: