Түркиядан Қазақстанға жаңа әуе рейстері ашылмақ

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 13:45 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 31 шілдеден бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, әуе компаниясы Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 ұшақтарымен жүзеге асырылады.

Ведомствоның айтуынша, Қазақстан мен Түркия арасындағы жаңа әуе қатынасының ашылуы екі елдің сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Бұған дейін тамыз айында Астанадан Семей, Ақтөбе және Жезқазғанға жаңа әуе рейстері ашылатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: