Қазақстанның тасымалдау нарығына жаңа әуе компаниясы кіреді

2025 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің "Air Arabia Abu Dhabi" жаңа әуе компаниясы кіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік министрлігінің мәліметіне сүйенсек, әуе компания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.
Бұған дейін Таразды айналып өтетін жолдың 2025 жылдың 5 мамырынан бастап ақылы болатындығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript