Ливандағы пейджерлер жарылысы әлем экономикасына қалай әсер етті
Биржаның мәліметінше, Астана уақытымен сағат 22.00-ге дейін Brent маркалы мұнай барреліне 72,5 доллар көлемінде саудаланған. Диаграммадан көріп отырғаныңыздай, жарты сағаттан кейін оның құны 74,3 долларға дейін көтерілді. Соңғы бірнеше айда Brent мұнайы, керісінше, Таяу Шығыстағы оқиғаларға байланысты төмендеген болатын.
Мұхиттың арғы жағында да жағдай осындай. Нью-Йорк тауар биржасында Texas Sweet маркалы мұнай келісімшарттары кеше барреліне 71,26 долларға дейін қымбаттады.
Айта кетейік, сәл уақыт өткеннен кейін екі биржада да мұнай бағасы аздап төмендеді, бірақ күндегі деңгейіне жетпеді.
Көптеген сарапшылар, атап айтқанда, қазақстандық экономист Әнуар Жүкенов мұнай бағасының өсу үрдісі жалғасады деп санайды.
"Соңғы оқиғалар шиеленістің артуына ғана емес, сонымен қатар Таяу Шығыстағы аймақтық соғысқа әкелуі мүмкін. Бұл аймақтан мұнай өнімдерін әкелуді қиындатады". Әнуар Жүкенов
Айта кетейік, 2024 жылдың 17 қыркүйегінде Ливанда пейджерлердің жаппай жарылуы орын алды. Оның барысында Иран елшісі Моджтаба Амани жарақат алып, 11 адам қаза тауып, тағы 2750 адам жарақаттанды. Жарылыстардың себебі белгісіз.