Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында ауылшаруашылық субсидиялары кезексіз беріліп келген

Жемқорлық, Жамбыл облысы, ауылшаруашылығы, субсидия, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2024 17:47 Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан субсидия өтінімдерін қарау кезінде кезектілікті сақтамау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Субсидиялау саласына жүргізілген мониторинг барысында субсидия төлеу кезінде кезектілікті жүйелі түрде сақтамау, субсидияны уақытылы төлемеу және жекелеген шаруаларға артылықшылық көрсету түріндегі жемқорлыққа алып келетін тәуекелдер анықталған.

Мысалы, 2023 жылғы шілде айында кезекке тұрған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінімдерінен бұрын, кезекке кейінірек тұрған, яғни 2023 жылдың қазан айындағы өтінімдер қаралып оларға субсидия төленгендігі белгілі болды. 

Департаменттің ұсынысынан кейін облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы субсидия төлеу бойынша төлем құжаттарын қарау алгоритмін бекітті және дер кезінде қаралмаған 243 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің субсидиялары төленді.

 Аталған кемшіліктер субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі мен "Қазынашылық" ақпараттық жүйелері арасында интеграцияның жоқтығынан және жекелеген қызметкерлерде дискрециялық өкілеттіктердің болуынан орын алған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: