Алматыда орташа жалақы мөлшері қанша

Жалақы, Алматы, қазан, орташа жалақы мөлшері, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 11:21 Сурет: freepik
Алматы қалалық экономика басқармасы биыл орташа айлық жалақы көлемі өскенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атаулы ақшалай кірістер орта есеппен 22%-ға артып, 292 мың теңгеге дейін (ел бойынша-9,2% - ға 201,1 мың теңгеге дейін) өсті.

Нақты мәнде өсім 11,6%-ды құрады (еліміз бойынша 0,3%-ға өсті).

"Орташа айлық жалақы 468 мың теңгені құрады (республика бойынша – 392,6 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 15,5%-ға, нақты мәнде 5,7% -ға өсті", деп хабарлайды басқармадан.

Ведомство жыл басынан бері Алматыда 50 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын атап өтті.

"Жылдық инфляция тамыздағы 8,6%-дан қыркүйекте 8,3%-ға дейін бәсеңсіді. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7%-ға дейін және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6%-ға дейін өсімінің баяулауына байланысты болады. 2024 жылдың соңына дейін жылдық инфляция 7,5-8%- ға дейін, 2025 жылы 6,5 – 7,5%-ға дейін баяулайды деп күтіледі", - деп хабарлады Алматының экономика басқармасы.

Айта кетейік, 2024 жылдың тамызына қарай Алматыда орташа айлық жалақы 454 мың теңгені құраған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: