Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлан Қарин бастаған қазақстандық делегация Қытайда өткен іс-шараларға қатысты

Ерлан Қарин, Қытай, Қазақстан делегациясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2024 19:29 Сурет: akorda.kz
Медиа және талдау құрылымдары өкілдерінен жасақталған Қазақстан делегациясы Бейжіңде бірқатар іс-шараға қатысты. Делегацияны Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастап барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлан Қарин Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Насихат бөлімінің меңгерушісі Ли Шулэймен кездесті.

Басқосуда тараптар өз елдерінде атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы жұмыстың негізгі бағыттарымен таныстырды. Екі елде жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады. Сондай-ақ Қазақстанда өтетін "Орталық Азия – Қытай" екінші саммитіне орай бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға уағдаласты.

Ерлан Қарин Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының президенті Гао Сянмен жүздесті. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтарының алғашқы форумында сөз сөйледі.

Форум аясында Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ екі елдің талдау орталықтарының ынтымақтастығын одан әрі дамытуға арналған жұмыс сессиясы өтті.

Сапар аясында Қазақстанның мемлекеттік телекомпанияларының басшылары Қытайдың аса ірі "China Media Group" медиа корпорациясының қызметімен танысты. Кездесу барысында олар қытайлық әріптестермен ақпарат саласындағы ықпалдастықты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге Мемлекеттік кеңесші Қытай Халық университетінің профессорлық-оқытушылық ұжымына және студенттеріне дәріс өткізді. Дәріс барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Мемлекеттік кеңесші кездесулердің қорытындысы бойынша ауқымды іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін қытайлық әріптестеріне алғысын білдірді. Екі ел басшыларының арқасында Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас жан-жақты мәңгілік стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: