Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлан Қарин: Тарихи, мәдени орындарды бүлдіргендерге қатысты жауапкершілік күшейтілді

Ерлан Қарин, заң, вандализм, тарихи, мәдени ескерткіштер, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2024 14:10 Сурет: Ақорда
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин күні кеше Президент вандализмге қарсы күрес мәселесіне қатысты нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойғанын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл - Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған төртінші заң.

"Бұдан бұрын вейптерге тыйым салуға, әйелдердің құқықтарын қорғауға және балалардың қауіпсіздігіне, "Айбын" орденінің түрлі дәрежелеріне батырлардың есімін беруге қатысты заңға қол қойылған болатын. Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде тәртіпсіздік пен мәдениетсіздік сынды кеселдерге қарсы күресуге шақырып, вандализмді теріс қылық деп атап өтті", деп жазды Қарин Telegram-дағы парақшасында.

Қол қойылған заңда:

  • қоғамдық орындарды ластау;
  • бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру;
  • тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру үшін жауапкершілік күшейтілген.

2024 жылы 5 шілдеде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: