Ұялы байланыс қызметтерінің тарифі жылдың соңына дейін өзгеріссіз қалдырылатын болды

Ұялы байланыс, тарифтер, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2024 16:06 Сурет: unsplash
ҚР Цифрлық даму министрлігі байланыс операторларымен талқылау жүргізіп, байланыс қызметтерінің қолданыстағы тарифтерін 2024 жылдың соңына дейін сақтап қалу туралы келісімге келгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің бұл бастамасы азаматтар мен бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған, себебі байланыс құнының тұрақтылығы цифрлық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі болып табылады. Байланыс операторлары мемлекет бастамасына қолдау көрсетіп, экономикалық қиындықтарға қарамастан, қолданыстағы тарифтерді сақтап қалуға дайын екендіктерін білдірді.

"Байланыс – күнделікті өмірдің, жұмыстың және оқудың негізі. Байланыс қызметтерінің тарифтерін тұрақты деңгейде сақтау – азаматтардың мүдделерін қорғауға және әлеуметтік маңызды бастамаларды қолдауға деген ұстанымымыздың айқын дәлелі", деп атап өтті министрліктегілер.

5 желтоқсанда таңертең Kcell және Activ ұялы байланыстарында ақау болып, интернет дұрыс істемей қалды. Бұл жағдай жабдықтың техникалық ақауы салдарынан болғаны белгілі болды. Сондай-ақ 4 қарашада БҚДА бірқатар ұялы операторларға қатысты Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша, тарифтердің келісілген түрде көтерілуіне қатысты жүргізіп жатқан тергеп-тексеруді тоқтатқандарын хабарлаған.  

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: