Бағаны тұрақтандыру: Павлодар билігі тауар өндірушілермен келісімге отырды

Картоп, Павлодар облысы, бағаны тұрақтандыру, меморандум, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2024 17:32 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда сүт бағасын ұстап тұру бойынша меморандум жасалды. Сонымен қатар, облыс билігі арзан бағамен картоп пен сәбіз жеткізу жөнінде келісімге отырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен 10 мың тонна картоп пен 3 мың тонна сәбіз жеткізу туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.

Аталған тауарларды сату бағасын ұстап тұру туралы меморандум 2025 жылдың 1 наурызына дейін өз күшінде болады.

"Әлеуметтік бөлшек сауда орындарын ("үй маңы дүкендері") осы өнім түрлерімен толықтыру жұмыстары басталып кетті. Тұрақтандыру қорының серіктестері болып табылатын дүкендердің бөлшек сауда нүктелерінің сөрелерінде картоптың келісі 120 теңгеден, сәбіздің келісі 95 теңгеден аспайды", – деп хабарлады басқармадан.

Сондай-ақ сүт өңдеу кәсіпорындарымен сүт және сүт өнімдері – майлылығы 2,5% пастерленген сүт, 2,5% айран, 5-9% сүзбе, 72,5% сары май бағасын бекіту туралы меморандум жасалды.

Айта кетсек, бүгін Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: