"Казцинк" бәсекелестік туралы заңнама бұзушылықтарын жойды - БҚДА

Казцинк, бұзушылық, бәсекелестік туралы заңнама, БҚДА, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2024 17:25 Сурет: gov.kz
ҚР БҚДА тапсырмасы бойынша ШҚО бойынша департаменті "Казцинк" ЖШС-ның 2022-2023 жылдары күкірт қышқылын сату бойынша заңды тұлғалармен жасасқан тауарларды сатып алу келісімшарттары мен шарттарының көшірмелерін қарастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру нәтижесінде анықталғандай, ЖШС-тің күкірт қышқылын сатып алу туралы бірдей кезеңде жасалған келісімшарттарында заңды тұлғалармен тең дәрежелі келісімдерге объективті негізделмеген әртүрлі баға мен әртүрлі талаптар қолданылған.

"Бұл Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасында көрсетілген бұзушылыққа жатады. Тексеру нәтижелері бойынша департамент ЖШС-ке еліміздің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының 174-бабының 2-тармақшасында көзделген бұзушылықтарды жою туралы, яғни тұтынушылармен (тапсырыс берушілермен) тең дәрежелі келісімдерге әртүрлі талаптарды қолдануды тоқтатуды жоюды талап еткен хабарлама жіберді. Қазіргі уақытта бұл үкім толық көлемде орындалды". ҚР БҚДА баспасөз қызметі

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының күкірт қышқылын сату нарығындағы бәсекелестіктің жағдайына жүргізілген жоспарлы талдау нәтижелері бойынша, "Казцинк" ЖШС 2022-2023 жылдары осы нарықта үстемдік етуші субъект деп танылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: