Үкіметте Қазақстанға Қырғызстаннан жеміс-көкөністер жеткізу мәселесі талқыланды

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың оң динамикасын атап өтті. Атап айтқанда, өткен жылғы қорытынды бойынша өзара сауда көрсеткіші 1,7 млрд долларды құрады, делінген Үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.
Серік Жұманғарин экономикалық ынтымақтастық әлеуетін едәуір арттыру үшін бірқатар тиімді қадам жасауды ұсынды. Ең алдымен, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейту қажет.
"Біз қазақстандық өнім экспортын 195 позиция бойынша 260 млн-нан астам долларға арттыруға дайынбыз", — деді вице-премьер.
Сондай-ақ ол бизнес-форумдар мен өзара сауда миссияларын өткізуде өзара сауданы арттырудың маңызды рөлін атап өтті.
Қатысушылар ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандыруды талқылады. Атап айтқанда, Қырғызстанның ерте жеміс-көкөніс өнімін Қазақстан нарығына жеткізу. Қазақстандық тарап дәнді және майлы дақыл экспортын арттыруды ұсынды. Сонымен қатар қатысушылар теміржол тасымалы рәсімдерін жеңілдету мүмкіндігі мен бірлескен ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін талқылады.
Бұған дейін Петропавлда 115 теңгелік картоп қоймаларда шіріп жатқанын жазғанбыз.