Петропавлда 115 теңгелік картоп қоймаларда шіріп жатыр

Овощи, супермаркет, маркет, магазин, продуктовый магазин, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 11:55 Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының орталығында 115 теңгеден сатылуы керек картоптар дүкен сөрелеріне жетпеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"КТК" арнасының мәліметінше, күз бен қыс бойы қала тұрғындары осы арзан картопты іздеп сабылған. Бірақ, үлкен сұранысқа қарамастан, тұрақтандыру қоры ондаған тонна картопты сатылымға шығармаған.

Тұрақтандыру қорында арзан картоптың шіріп жатқанын естіген қала тұрғындары мен дүкен сатушылары наразылықтарын білдірді. Өз кезегінде, "Солтүстік" ӘКК қызметкерлері неге 115 теңгелік картоп сатылымға шықпағанын түсіндіріп бере алмады.

Бұған дейін Алматыдағы келісі 1300 теңгелік картоп бағасына қатысты уәкілетті басқармалар түсініктеме берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: