Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде көктемгі егіс науқаны аяқталуға жақын

Егіс науқаны әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлерінде қарқынды жүріп жатыр.
Мәселен, Түркістан облысында – 449,2 мың га, Жамбыл облысында – 306 мың га, Жетісу облысында – 292,6 мың га, Алматы облысында – 187,9 мың га жерге егін егілді.
Басқа өңірлерде де егіс жұмыстары басталды: Шығыс Қазақстан облысында – 156,3 мың га, Абай облысында – 138,8 мың га, Қостанай облысында – 85 мың га, Ақмола облысында – 74,8 мың га, Қызылорда облысында – 52,5 мың га, Павлодар облысында – 56,9 мың га, сондай-ақ басқа аймақтарда да егіс жүріп жатыр.
Көктемгі дала жұмыстарына дайындық аясында келесі іс-шаралар атқарылды:
- 16,7 млн га жерде ылғал жабылды,
- 6,1 млн га алқапта себуге дейінгі өңдеу жүргізілді,
- 1,7 млн га жерде көктемгі жырту жұмыстары орындалды.
Бүгінгі таңда мынандай дақылдар егілді:
- 942,1 мың га жерге дәнді дақылдар,
- 242,8 мың га жерге мал азықтық дақылдар,
- 492 мың га жерге майлы дақылдар,
- 118,8 мың га жерге мақта,
- 71,8 мың га жерге көкөністер,
- 57,7 мың га жерге бақша дақылдары,
- 32,5 мың га жерге картоп,
- 15,6 мың га жерге қант қызылшасы,
- 26,3 мың га жерге күріш және басқа дақылдар.
Егіс науқанын уақтылы әрі тиімді өткізу үшін 866,8 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізуге шарттар жасалды. 254 теңге/литр бағамен (нарықтық бағадан 15% төмен) 401 мың тонна дизель отыны бөлінді.
Биылғы жылға арналған тұқым қажеттілігі 2,3 млн тоннаны құрайды. Қамтамасыз етілу деңгейі – 100%. Зертханалық тексеріс нәтижесінде тұқымның 99%-ы кондициялық деп танылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс науқанының барысына мониторинг жүргізуді жалғастырып, өңірлерге қажетті әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуде.