Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр

егістік, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 15:17 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары басталды. Ағымдағы жылы өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 770,4 мың гектарға орналастырылады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артық, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтқанда, 398,3 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 72,1 мың гектарға майлы дақылдар, 44,8 мың гектарға көкөніс, 10,4 мың гектарға қант қызылшасы, 11,8 мың гектарға картоп, 16,8 мың гектарға бақша дақылдары және 216,2 мың гектарға мал азығы егілмек.

Бүгінгі таңда облыс бойынша жоспардағы 104 мың гектар жердің 605 гектары жыртылған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков атап өтті.

"Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 95,6 мың тонна тұқымның 73,1 мың тоннасы дайындалды. Бұл қажетті тұқым көлемінің 76,4 пайызын құрайды. Ал, жетіспейтін қант қызылшасы, дәндік жүгері, картоп, сүрлемдік жүгері мен күнбағыс дақылдарының тұқымын Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарынан және шет мемлекеттерден жеткізу көзделуде". Нұрби Жігітеков
егістік, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 15:17

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, биылғы егіс жұмыстарына 6883 дана ауыл шаруашылығы техникасы, яғни, 4 529 трактор, 1 071 соқа, 746 дана дәнсепкіш, 457 дана қопсытқыш, 80 дана тұқым дәрілегіш техникаларын жұмылдыру жоспарланған. Жалпы, көктемгі дала жұмыстарына қажетті дизель отыны 15,5 мың тоннаны құрайды. Оның 4,1 мың тоннасы облысқа жеткізіліп, 495 тоннасы шаруашылықтарға таратылды. Жанар-жағар май 204-214 теңге аралығында босатылуда. Қазіргі кезде Байзақ және Жамбыл аудандарында егістік жұмыстары қызу жүруде. Айталық, байзақтық «Нұрхан» шаруа қожалығының егіс алқабында жер жырту жұмыстары бір апта бұрын басталған. Шаруа қожалық басшысы Қырықбай Рахымбердиев көктемгі егін егу жұмыстарын жүйелі жүзеге асырып, мол өнім алуға ниетті.

"1995 жылдан бері шаруа қожалықтың жұмыстарымен айналысамыз. Осы жылдар аралығында пияз, жоңышқа ектік. Соңғы екі-үш жыл көлеміндегі су мәселесіне байланысты арпа егуге көштік. Күн көзі жылыған сәттен үйдегі бала-шағамызбен бірге егіс алқабына шығып, тыным таппаймыз. Қазір 2 трактор жер жыртып жүр. Жергілікті билік тарапынан жеңілдетілген бағада дизель отыны берілетін болды". Қожалық басшысы Қырықбай Рахымбердиев
егістік, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 15:17

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Жамбыл ауданындағы "Тимофеев" шаруа қожалығы 500 гектар аумаққа жаздық арпаның "Космос" және "Байшешек" сорттарын себуді көздеп отырса, "Асқар" шаруа қожалығы 10 гектар алқапқа пияз егу жұмыстарын бастап кеткен. "Қызыл Дихан" өндірістік кооперативтінің 2000 гектар алқабында да жер жырту ісі үздіксіз атқарылуда. Мұндағы 1300 гектар жер суармалы десек, қалған аумаққа су үнемдеу технологияларын енгізу шаралары жүзеге асырып жатыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: