Қазақстанда көктемгі дала жұмыстарына техника қаншалықты дайын
Фото: akorda.kz
2026 жылғы 24 ақпанда өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров еліміздегі көктемгі дала жұмыстарына техниканың дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы шамамен 80%-ды құрайды. Бұл ретте, жаппай егіс науқаны басталғанға дейін барлық техника 100% дайын болатыны атап өтілді.
"Әкімдіктерге техниканы жөндеу жұмыстарын күшейтіп, машина-трактор шеберханаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету қажет. Айта кету керек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қолдау шараларының арқасында аграршылар 25 мыңға жуық заманауи техника сатып алды. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейі 6,5%-ға жетті", – деді Сапаров.
Министрдің пікірінше, бұл шаралар егіс науқанын агротехникалық оңтайлы мерзімде өткізуге, техниканың өнімділігін арттыруға, сондай-ақ тұқым себудің сапасы мен біркелкілігін жақсартуға мүмкіндік береді.
"Бұдан бөлек, бүгінде ел аумағында техникаларға жедел қызмет көрсететін 70-тен астам сервистік орталық жұмыс істейді. Бұл техниканың бос тұрып қалуын азайтуға ықпал етеді", – деп қосты Ауыл шаруашылығы министрі.
Бұған дейін Қазақстанда бидай мен мақта көлемі жеткілікті екенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript