Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Жолдарды жөндеу қолға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 15:58 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жұмыр жердегі барлық мемлекет үшін экономиканың басты күре тамыры – жолдар. Тақтайдай тегіс жолдардың арқасында адамдар діттеген жеріне жетсе, мемлекеттер арасында жүк тасымалын реттей алып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл салаға туризм әлеуетін де қоссақ артық емес. Бір сөзбен айтқар болсақ, жол инфрақұрылымы арқылы экономиканың көптеген салалары дами түсетіні беліглі. Қазақ «Атың барда желіп жүріп жер таны, асың барда беріп жүріп ел таны» дейді. Бұрынғы бабаларымыз аттың қомында желіп жүрсе, бүгінгілер темір тұлпар тізгіндеп, жол рақатын сезіп келеді.

Әсіресе соңғы жылдары елімізде автомобиль жолдарының құрылысы қарқын алып, оның сапасын арттыру мәселесіде шешімін табуда Үкімет жол сапасын жақсарту мақсатында қыруар қаражат бөліп, стратегиялық жоспарлар жасауда. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақта жол жөндеу бойынша 252 жоба қолға алынуда

Ел экономикасының дамуына, сауда-саттықтың қауіпсіз жеткізілуіне автомобиль жолдарының қосар үлесi зор. Облысымызда жыл санап, асфальт көрмеген жолдар тегістеліп, тұрғындар мен жүргізушілерге қолайлы орта қалыптастырылуа. Аймақтағы жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерінде 2022 жылы атқарылатын жұмыстар бойынша айтар болсақ, облысымыздағы 10038 шақырым жолдың 4376 шақырымы автомобиль жолдарына, 5662 шақырым елді мекен көшелерінің желісіне тиесілі. Оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 1198, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары 1756, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 1383 шақырымды құрайды.

Жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерінің жағдайын жақсарту мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен биыл республикалық және жергілікті бюджеттерден бірлесіп қаржыландыру тәжірбиесін жалғастыру арқылы жалпы 16,2 миллиард теңге бөлініп отыр. Оның ішінде 8,3 миллиард теңге республикалық, 7,9 миллиард теңге жергілікті бюджеттерден қаралды.

Бөлінген қаржылар есебінен 9,4 шақырым жолды қайта жаңғырту және 605,2 шақырым жолды орта жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның ішіне облыстық маңызы бар автожолдар 194,1, аудандық маңызы бар 53,6, елді мекен көшелері 357,5 шақырымы енгізілді. Жалпы 252 жол жөндеу жобалары іске асырылуда. Бұл жұмыстардың бастау алуына әрине мемлекетімізде іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалардың септігі орасан. Тарқатып айтар болсақ, «Нұрлы жол» бағдарламасымен 28 жоба (194,1 шақырым), «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен 77 жоба (169,шақырым), «Өңірлерді дамыту – 2025» бағдарламасымен 2 жоба ( 9,4 шақырым), жергілікті бюджеттерден 145 жоба (196,3 шақырым) қолға алынған. Бақытжан Жәнібеков, Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және жергілікті жолдарды қысқы-жазғы маусымда күтіп ұстау жұмыстарына жоғарыдағы бөлінген қаржының 1 млрд. теңгесі жұмсалуда.

Мысалға, 72042 шаршы метрге шұңқырлықты жөндеу, 1152 дана жаңа жол белгілерін орнату жұмыстары, жүргізушілер назарына 16 дана жол апатын ескерту баннері, 204 дана жол бойына белгі беру бағандарын орнату, 640 погон метр жасанды тегіссіздік орналастыру, 2105 шақырымға жол жамылғысына өстік таңба салу, 106 шаршы метрге шулы жолақтар орнату, 13522 шқ/жүрісжол жиегін автогрейдермен тегістеу, 375 текше метрдің жол жамылғысындағы ісінкі орындарын жою, 224,2 гектарға өртке қарсы минералданған жолақтарды жырту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалардың жүзеге асырылуы – жергілікті тұрғындардың көлікпен қатынауын жақсартумен қатар, өңірдің көліктік логистикасы инфрақұрылымының дамуына үлкен үлесін қосады.

Жол салынғанымен сапасына тексеріс жүргізіледі

Жыл қорытындысымен «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін» 97 пайызға, ал елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 82 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Әрине, жолдың көптеп салынып, тақтайдай тегістелуі халықтың алғысына бөлейді. Алайда «жол салынғанымен оның сапасы қандай?» деген сауал туындайтыны белгілі. Жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында «Жол активтерінің Сапа орталығымен» келісім-шарт жасасуға жергілікті бюджеттерден жалпы 105,0 млн. теңге бөлінді. Жол активтері сапа орталығына автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді қолдау функциялары жүктелген. Бақытжан Жәнібеков, Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Жамбыл облысында жол төселді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 15:58

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сапа орталығы арқылы құрылыс материалдары мен жасалған игіліктердің сапасын растайтын сараптама-қорытындылар алынып, салынған жол қабаттарының қалыңдығы мен ендеріне өлшеулер жүргізу басқарма тарапынан жүйелі жолға қойылған. Одан бөлек, автомобиль жолдарының сапасын, қауіпсіздігін арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарын жобаға сәйкес жүргізуді авторлық және техникалық қадағалау қызметтері қатаң бақылауда ұстайды. Орталықпен бірлесе отырып, тиянағын тапқан жол жабындысына зерделеу жұмыстары ұдайы жүргізіледі.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында көрсетілгендей, біз зерделеу жұмыстарын басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфир өткізу арқылы ашықтықты қамтамасыз етудеміз. Үстіміздегі жылы Сапа орталығымен тиянағын тапқан 273 жобаға арнайы барып, 601 сынама алынды. Нәтижесінде, 100 ескерту мен кемшілік анықталып, талапқа сай жасалуы үшін тиісті мекемелерге нұсқамалар мен ескертулер беріліп, бүгінде кем-кетіктер толлықтай реттелді.

Жол сапасын арттырудың тағы бір жолы – жол құрылысына әлемдік үлгідегі жаңа технологияларды пайдалану. Соңғы жылдары бұл бағытта облысымызда реджувасил, миркосюрфейсинг, суық ресайклер және қиыршық тасты мастикалық асфальт-бетон, суық ресайклер технологиясы кеңінен қолданылып, өзінің оң нәтижелерін беруде.

Үш жылдық жоспар 100 пайыз межені қамтиды

Басқарманың 3 жылдық жоспарына келер болсақ, 2025 жылға дейін «АМАНАТ» партиясының сайлауалды платформасының бекітілген іс-шаралар жоспарына және облыстың дамыту жоспарына сәйкес, 621 шақырымдағы жергілікті маңыздағы автожолдарды орта жөндеуден өткізіп, қанағаттанарлық деңгейін 100 пайызға жеткізу көзделуде. Оның ішінде 414 шақырым облыстық мәні бар, 207 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына тиесілі. Жылдар бөлінісі бойынша 2023 жылы 98 пайыз межені бағындыру үшін 203 шақырым (25 жоба), 2024 жылы 99,5 пайызды қамту үшін 238 шақырым (24 жоба), 2025 жылы 100 пайыз межеге қол жеткізу үшін 180 шақырымды (16 жоба) орындайтын боламыз.

Жол саласындағы өзекті мәселелердің бірі – автожолдардың мерзімінен бұрын бұзылу. Мұндай олқылықтардың орын алуы рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асып кететін ауыр салмақты жүк көліктерінің бақылаусыз жүріп өтуі басты себеп болып айқындалуда. Кен орындарында ғана жүруге рұқсат етілген ауыр жүк көліктері облыс, аудан аралығында арлы-берлі сабылуы асфальттың морылуына, ой-шұңқырлардың пайда болуына, автожолдардың қызмет көрсету мерзімінен бұрын тозуына әкеліп соғуда. Соңғы жылдары «HOWO», «SHACMAN» өндірісте қолданатын жүк көліктерінің салмағы автомобиль жолдарында рұқсат етілген салмақтан 25 тонна, кейде 40-45 тоннаға жетіп отыр. Осылайша, жүк тиелген автомобильдің салмағы рұқсат етілген массадан 15-20 тоннаға артық болуы жолдың ерте бұзылуына сеп болуда. Бақытжан Жәнібеков, Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Ауыр жүк көліктерінің бақылаусыз жүруінен жергілікті маңызы бар автожолдардың бұзылуына жол бермеу мақсатында Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен іс-шараларға сәйкес, облыс жолдарында кезекшіліктер ұйымдастырылып, тексерулер жүргізілуде. 2022 жылдың 7 айында жылжымалы көліктік бақылау посттарында 69 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 4,0 млн.теңге айыппұл салынып, өндірілді.

Жол-көлік оқиғасын алдын алу

Облыста 2022 жылдың 6 айында 709 жол-көлік оқиғалары тіркеліп, салдарынан 128 адам қаза тауып, 1112 адам әр-түрлі дене жарақаттарын алған. Оның ішінде, республикалық жолдарда 167, жергілікті жолдарда 79, елді мекен көшелерінде 463 жол-көлік оқиғалары бой көрсетті. Жол-көлік оқиғаларының орын алуының басты себебі – жүргізушілердің жылдамдықты шектеуден тыс асыруы, маневр жасау, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, дистанция сақтамау.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында ағымдағы жылы «Көркем-телеком» ЖШС бастамашылық еткен облыс орталығында құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін «Тараз қаласындағы зияткерлік қауіпсіздік жүйесі және жол трафигін талдау» Сергек мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылуда. Бақытжан Жәнібеков, Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Аталған жоба қоғамдық және жол қауіпсіздігі мен құқық тәртібінің жалпы деңгейін арттыруға, жол бойында оқыс оқиғаларды азайтуға, қалалық көлік саласын басқару сапасын арттыруға, қылмыс деңгейін төмендетуге, бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жедел жағдайды бақылауды жүзеге асыруға бағытталған.

Жамбыл облысында жол жөнделді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 15:58

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Сергек» жобасы қауіпсіздікті арттыруға негізделген

Жобаны іске асыру кезеңі 2022-2027 жылдарды қамтиды. Жобаның жалпы құны 5 млрд 230 млн 430 мың теңгені құрайды. Жоспар бойынша Тараз қаласында 35 желілік учаскедегі аппараттық-бағдарламалық кешен, 450 нысанға 1250 жалпы бейнебақылау камералары, деректерді өңдеу және талдау орталығы: серверлер, деректерді сақтау жүйесі; коммутациялық және маршруттаушы жабдық, 13 қиылысқа аппараттық-бағдарламалық кешен орналастырылмақ. Бүгінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартымен бекітілген адрестік бағдарламаға сәйкес, 130 нысанда 413 дана жалпы бейнебақылау камерасы орнатылып, оның 165 данасы іске қосылды. Аталған жобаның құрылыс жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Сондай-ақ, жүйені толық іске қосқаннан кейін ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметінің ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің талаптарына сәйкестік рәсімдері жүргізіліп, оң қорытындысы алынған соң, 2022 жылдың желтоқсанында нысанды пайдалану көзделуде.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысы Полиция департаменті тарапынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жылдамдықты шектеу камераларын орнату адресі бекітіліп, 10 дана жылдамдықты шектеу камераларын орнатылды. Бақытжан Жәнібеков, Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Басқарма аймақтағы автожолдардың сапасын, қауіпсіздікті арттыру бағытындағы жұмыстар одан әрі де жалғастырыла беретін болады. Жалпы жол саласында атқарылып жатқан жұмыстар осылай сипатталады.

Жамбыл облысында 116 автобус маршруты қарастырылған

Жамбыл облысы бойынша 116 автобус маршруттары ұйымдастырылған, оның ішінде 12 маршрут облысаралық, 25 ауданаралық, 46 –ауданішілік және ауылішілік, 33 қалалық болып табылады.

Ал жалпы 28 тасымалдаушы қызмет көрсететін 711 бірлік автобус бар. Оның 133 облысаралық, 150 ауданаралық, 98 ауданішілік, 330 қалалық және қала маңындағы елді мекендерге бағыт алады.

Жалпы облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар 51 маршрутқа 2022 жылы 1,48 млрд тг қарастырылған. Оның ішінде 2022 жылы ауданаралық 2 бағытқа 35,3 млн тг, 3 темір жол бағытқа 270,9 млн тг, аудан ішілік 13 маршрутқа 225,3 млн тг қалалық 33 бағытқа 950,0 млн тг қарастырылған. Бақытжан Жәнібеков, Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Жамбыл облыстық маслихаттың шешімімен Тараз қалалық автобус маршруттары әлеуметтік маңызы бар болып танылып, 2021 жылға 780,0 млн.тг және 2022 жылға 950,0 млн.тг. қарастырылды.

Жамбыл облысында жол жөнделді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 15:58

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақысыз төлем бойынша үшінші орынға шықты

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап, Тараз қаласындағы қоғамдық көліктерде «TulparCard» электрондық билеттендіру жүйесі іске қосылды.

Облысымыз бүгінде республика көлемінде ақысыз төлем бойынша 3 орынға шығып отырмыз. Қазіргі таңда жалпы 250 992 (194 667 бірыңғай, 56 000 оқушы картасы) көлік картасы шығарылды. Оның 226992 дана (180667 бірыңғай, 46325 оқушы картасы) карта қолданыста болса, сатылымға 23675 (14000 біріңғай, 9675 оқушы) шығарылды. Бақытжан Жәнібеков, Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Қалалық бағыттағы барлық автобустарында төлем қабылдау құрылғылары (400 мобильді, 369 стационарлық) орнатылған. Жол ақысын төлеудің 4 әдісі (қолма қол, TulparCard көлік карталары және QR код немесе автобустың сандық коды және SMS-төлем бар.

Үш жылда 134 автобус әкелінді

Облыста 2019 жылдан бастап, 134 автобус жаңартылған. Оның ішінде, 2019 жылы 82 бірлік, 2020 жылы пандемия салдарынан автобус алу мүмкіншіліг болмаса, 2021 жылы 32 автобус сатып алынды. 2022 жылға әзірге 30 автобус қолданысқа берілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қосымша 65 автобус алу жоспарлануда.

Жол қадірін жолаушыдан артық білетін адам жоқ. Кешенді жоспарлар мен бағдарламалар жол сапасын арттыруға өз септігін тигізетін болады. Ал жолдардың жасалуы мен оның сапасы басқарманың назарында бола бермек Бақытжан Жәнібеков, Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Жамбыл облысында жол жөнделді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 15:58

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: