Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында жол жабылып, вагондар қаңырап тұр

вагон, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2022 15:46 Сурет: pixabay
Кірме жолдардың жағдайы тым нашар болғандықтан қозғалыс тоқтатылған көрінеді. Салдарынан вагон иелері шығынға ұшырап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Темір жол жүк тасымалымен айналысатын жергілікті кәсіпкерлер әуелі көліктік бақылау инспекциясынан хат ала бастаған. Мемлекеттік мекеме кірме жолдарды пайдалануды тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген. Себебі жолдың жағдайы көңіл көншітпейді. Осылайша 37 жолдағы қозғалыс тоқтаған. Олардың барлығы өз тұсында атышулы  акционерлік қоғамға тиесілі болған. Компания акциялары мемлекетке өте салысымен кенеттен темір жолдардың жағдайы мүшкіл халге түскен.

Хат келісімен  37 жол бұғатталып, 300 вагон қаңтарылған. Оның тоқсан алтысы жүкпен тұр. Арқалық станциясында қаңтарылған вагон иелеріне 4 миллион теңге айыппұл төлеу керек. Ал сын көтермейтін жолдарды енді Қазақстан темір жолы жөнге келтіреміз деп хабарлап отыр. Бірақ оларда маман да, ресурс та жоқ. Сондықтан кәсіпкерлер әлі қалтасынан қағылатын сияқты, – дейді диірмен өкілі Валентин Беспалов Astana tv арнасына берген сұхбатында.

Ал ҚТЖ-жүк тасымалы АҚ филиалының бөлім бастығының сөзінше, олар тасылмадау шартын аяқтауы керек.

Біз тасымалдау шартын аяқтауға міндеттіміз. Жүк жөнелтуші мен жүк алушыға  вагондардың қанша уақыт қаңтарылып тұрғанын, оның соммасын айтуымыз керек. Ал олар шығынды регресстік тәртіпте «ЦТС» акционерлік қоғамынан өндіріп алуға тиіс, – Бақытгүл Мәмбетова ҚТЖ-жүк тасымалы АҚ филиалының бөлім бастығы.

Ал Көліктік бақылау инспекциясының тексерісі заңдылығын енді прокуратура қызметкерлері анықтағалы жатыр.

Қандай негізде тексеру кестесі енгізілді деген сұрақ туындап отыр. Сондықтан көліктік бақылау инспекциясы мен «ЦТС» акционерлік қоғамына байланысты мәселелерді зерделейміз.Қостанай көлік прокуратурасының прокуроры Темірлан Рахымжанов

Кәсіпкерлер проблемасына кәсіпкерлер  палатасы араласты. Олар орталық аппаратқа хат жолдап, қаңтарылған вагонның айыппұл мәселесін тиісті компаниялармен шешпек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: