БҚО-да жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Еліміздің батысында биыл 642 шақырым жол жөнделуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы облыс әкімі ОҚК алаңында өткен баспасөз маслихатында айтты.
"Облыстың шалғай орналасқан Казталов, Бөкейордасы және Жәнібек аудандарында 2019 жылы басталған республикалық маңызы бар 245 км жол күрделі жөндеуден өтіп, нәтижесінде барлық аудандардың облыс орталығымен байланысы қамтамасыз етілді",- деді әкім.
Сонымен қатар, республикалық маңызы бар 144 шақырым Подстепное — Федоровка — Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі жолды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 60 шақырымға жуық жол жөнделді, қалғаны келесі жылы жалғасатын болады.
"Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша Барбастау – Ақжайық — Индер және Жаңақала – Бисен бағытындағы жолдардың құрылысы жүруде. Өткен жылы 82 млрд теңгеге 562 шақырым жол жөнделсе, биылғы жылы 92 млрд теңгеден астам қаржыға 642 км жол жөнделуде. 2025 жылы осындай көлемдегі жолдарды жөндеу жоспарланып отыр", — деді Нариман Төреғалиев
Бұған дейін Қазақстанда сұйытылған газдың шекара асуына шектеу тағы біраз уақытқа ұзартылатындығы хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript