Астанада ауқымды жөндеу жұмыстары: маңызды жол 7 айға жабылады
Фото: Zakon.kz
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жолдарды жөндеу және салу бойынша ауқымды жұмыстардың басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол жөндеу маусымына байланысты қаланың кейбір көшелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілді.
Негізгі жұмыстар:
- 4 сәуір – 4 мамыр аралығы: Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жол жабынына орташа жөндеу жүргізіледі. Қозғалыс ішінара шектеледі.
- 5 сәуір – маусым: Е68 көшесі (А. Бектұров көшесінен Төле би көшесіне дейін) құрылыс жұмыстарына байланысты толық жабылады.
- 5 сәуір – қараша: Б. Соқпақбаев көшесінің құрылысы жалғасады (Ш. Бейсекова көшесінен Қ.Құмысбеков көшесіне дейін). Қозғалыс толық жабылады.
- 5 сәуір – 10 қазан: 150 жыл Абылай хан көшесінің құрылысы (Бейбарыс Сұлтан көшесінен Сұлукөл көшесіне дейін). Қозғалыс толық шектеледі.
- 5–20 сәуір: Кенесары көшесінде (А. Сембинов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін) жол жабынына орташа жөндеу жүргізіледі. Қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі.
Сонымен қатар, М. Тынышбаев көшесінде (А. Байтұрсынұлы көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін) жөндеу жұмыстары жалғасуда.
"Толық жабылған учаскелерде көлік қозғалысы балама бағыттар арқылы ұйымдастырылады", – деп хабарлады басқарма.
Оған қоса, автобус бағыттарының қозғалыс сызбаларына да өзгерістер енгізіледі.
Бұған дейін 2026 жылғы 3 сәуірден бастап Алматыда төрт автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгеретіні хабарланған болатын. Шектеулер Жетісу ауданында су құбыры мен кәріз желілерін салу жұмыстарына байланысты енгізілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript