Астанада Қорғалжын тасжолы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Дорога, трасса, дорожное строительство, дорожная инфраструктура, новая дорога, новая трасса , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 14:53 Фото: Zakon.kz
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылынан Ш. Айтматов көшесіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тасжолына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 24 сәуір мен 15 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: