Астанадағы көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты бір аптаға жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Болашақ көшесінен Жаңақоныс көшесіне дейінгі учаскеде Күршім көшесіне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдік ақпаратына сүйенсек, осыған байланысты, 11-18 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады",- делінген ақпаратта.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Бұған дейін Қазақстан экономикасының төрт айда 6%-ға артқандығы жайлы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript