Астана-Қарағанды тасжолының учаскесі бір айға жабылады: жүргізушілерге айналып өту ұсынылды

Дорога, дороги, трасса, трассы, машина, машины, дорожное движение, транспорт, авто, автомобиль, автомобили, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 15:25 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі учаскеде Астана-Қарағанды тасжолында орташа жөндеу жүргізілетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство аталған учаске 9 маусым мен 9 шілде аралығында жабық болатынын нақтылады.

Астана-Қарағанды тасжолының учаскесі бір айға жабылады: жүргізушілерге айналып өту ұсынылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 15:25

Сурет: gov.kz

Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Осы учаскеде кептелістердің алдын алу мақсатында балама бағыттармен қатынауға болады:

  • көлік айрығынан оңға қарай айналма жолмен Ақжол көшесіне немесе Алаш тасжолына дейін;
  • көлік айрығынан солға қарай айналма жолмен Шерхан Мұртаза көшесіне дейін.

Сондай-ақ, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет екені ескертілді.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады". Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы

Бұған дейін Астанадағы Тілендиев даңғылы бір айға жабылатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: