Энергетика министрлігі Қарашығанақтағы ГӨЗ құрылысына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

ГӨЗ, Энергетика министрлігі, Қарашығанақ, құрылыс, тоқтату, мәлімдеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2025 19:32 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Энергетика министрлігі Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасын қолданыстағы Өнімді бөлісу туралы келісім (ӨБК) аясында және жоба акционерлерінің қатысуымен іске асыру қайта қаралатынын мәлімдейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазіргі таңда министрлік ұлттық компанияларды тарту арқылы жобаны Келісімнен тыс жүзеге асырудың баламалы нұсқаларын қарастыруда", – деп хабарлады ведомстводан.

Қарашығанақ - Қазақстанның ірі газ конденсатты кен орындарының бірі. Ол Shell, Eni, Chevron, Lukoil және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ арасында жасалған Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (ӨБТК) шеңберінде іске асырылады. Бастапқыда Қарашығанақта газ өңдеу зауытының құрылысы осы келісім аясында жоспарланған болатын.

ҚР Энергетика министрлігі 2025 жылғы 1 шілдеде Ливия жағалауында танкердегі жарылысқа қатысты түсініктеме берді. Танкердің қазақстандық мұнайды тасымалдағаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: