Энергетика министрлігі: Қарашығанақтағы өндіріс қысқарғанымен, Қазақстандағы газбен жабдықтау тұрақты
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 26 маусымда Үкіметте Орынбор газ өңдеу зауытындағы (ГӨЗ) оқиғадан кейінгі Қарашығанақ кен орнындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер министрден Орынбор газ өңдеу зауытындағы оқиғадан кейін Қарашығанақ кен орнының қазіргі жұмысы қалай жүріп жатқанын және бұл жағдай газ өндіру мен жеткізуге әсер еткен-етпегенін сұрады.
"Қазіргі таңда біз Қарашығанақ кен орнындағы өндіріс көлемін 34 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін қысқартуға мәжбүр болдық. Яғни өндіріс 9 мың тоннаға азайды. Әрине, қазір газ қабылдау көлемі де қысқарды. Дегенмен Қазақстан бойынша газбен жабдықтау жүйесіне ешқандай қауіп төнген жоқ. Бүгінде газ жеткізу бойынша барлық міндеттемелеріміз толық көлемде орындалып жатыр, – деді Ерлан Ақкенженов.
Еске салайық, 2026 жылғы 23 маусымда Қазақстанда сұйытылған газды жеткізу қағидаларына өзгерістер енгізілгені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript