Энергетика министрлігі: Қазақстанда жыл соңына дейін газ бағасын көтеру жоспарланбайды

Газовая плита, газовые плиты, конфорки, газ, подача газа, отключение газа, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2026 15:28 Фото: pixabay
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев 2026 жылғы 7 шілдеде Үкіметтегі брифингте жыл соңына дейін тауарлық газ бағасын көтеру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Ол газ бағасы жуырда ғана өзгергенін еске салды.

"1 шілдеден бастап тауарлық газдың көтерме бағасы орта есеппен 33 пайызға өсті. Біз үшін ең бастысы – елдің газ инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз ету. Оны тұрақты түрде қолдап отыру қажет. Сонымен қатар QazaqGaz халыққа арналған тарифтерді субсидиялап отыр. Сондықтан жылыту маусымына уақытылы дайындалу үшін бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу қажет", – деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта газ бағасын қайта көтеру жоспарланып отырған жоқ.

"Бүгінде 2026 жылдың соңына дейін газ бағасына қатысты жаңа өзгерістер күтілмейді. Бағаны одан әрі көтеру мәселесі қаралып жатқан жоқ және бұл жөнінде ешқандай шешім қабылданбаған. 1 шілдеден бастап жаңа бағалар күшіне енді, әзірге басқа өзгерістер жоспарланып отырған жоқ", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда газды есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылатыны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: